5 мыңнан аса адам түрмеден босап шықты

Oinet.kz 30-01-2026 45

2025 жылы Қазақстанда амнистия аясында 5 мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы Мемлекет басшысына Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев баяндады.

image.png

Оның айтуынша, қабылданған сот шешімдерінің 99%-ға жуығы жоғары сатыдағы соттарда қайта қаралмаған. Сонымен қатар әкімшілік істер саны шамамен 12%-ға азайған.

Соттар азаматтардың құқықтарын қорғауда да белсендірек бола түскен. Мемлекеттік органдармен дауларда 4,5 мың шенеуніктің шешімі заңсыз деп танылған. Азаматтық істерде татуласу рәсімдері жиі қолданылып, олардың үлесі шамамен 50%-ға жеткен.

Амнистия нәтижесінде 583 адам жазадан толық босатылған, 5 мыңнан астамы мерзімінен бұрын босап шыққан, ал 9,2 мың сотталғанның жаза мерзімі қысқартылған.

Түркістан облысында үш полицей 18 жастағы қызды зорлаған
Жаңа Конституцияның жобасы таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу