«Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Oinet.kz 20-12-2023 10567

«Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Artsport» жобасы бойынша анықталған бұзушылықтар

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесінде «Artsport» жобасы бойынша  жалпы  22 256,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  95-IV «Бюджет кодексінің» 97 бабының 6 тармағының  «Мемлекеттік мекеме:  төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін;...  қамтамасыз етеді.» талаптарын және  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының»                         8-тармағының «Өнім берушіге ақы төлеу әрбір баланың сабаққа нақты қатысуы негізінде, Әдістемеде белгіленген сабақтардың ең көп санынан аспайтын көлемде жүргізіледі» талаптарын сақтамай Мекеме тарапынан 262003046 бюджеттік бағдарламасымен «Artsport» жобасы бойынша 2021-2022 жылдары 26 ЖК мен ЖШС-ің үйірмелеріне қатысушы балалар басқа облыстардың, қалалалардың, аудандардың білім мекемелерінде тіркелгеніне және кейбір балалардың үйірмелерге мүлдем қатыспағанына қарамастан 159 балаға 22 256,4 мың теңге төленген. Оның ішінде, 2021 жылы  7 223,4 мың теңге, 2022 жылы 15 033,0 мың теңге;

Жоғарады аталған «Artsport» жобасы бойынша  негізсіз төленген  22 256,4 мың теңгені кәсіпкерлер бюджетке толық қайтарған.

Қаржылық есептілік аудиті

бөлімінің бас маман-мемлекеттік

аудиторы С. Нұрлыбаев

"Жасыл Түркістан" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаларының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу