Түркістан облысының білім басқармасы

Oinet.kz 20-12-2023 10407

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың қыркүйек айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №62340251 «Кітап» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.   

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы Б.Бегімбетов

Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу