Жыртқыш құстарды шәйханада ұстау қауіпті әрі заңға қайшы

Oinet.kz 20-07-2020 736

кус.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің заңсыздықтарды болдырмау және оның алдын алу туралы тапсырмасын орындау мақсатында тәртіп сақшылары Түлкібас ауданында рұқсат етілмеген құстарды шәйханада ұстаған тұрғынның үстінен іс қозғады.

Түлкібас аудандық Полиция бөлімінің кезекшілігіне табиғатты қорғау полициясының инспекторы полиция майоры Н.Мұздыбаевтан Азаттық кентіндегі шәйханадан сирек кездесетін жыртқыш құстарға ұқсас бірнеше құстар табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлері шәйханана иесінің 6 құсты ғимараттың ауласында заңсыз торда ұстағанын анықтады. Айғақты зат ретінде алынған құстар сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде олардың кезқұйрық және жағалтай екендігі анықталды.
Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы «Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)» бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары шешім шығарылу үшін сотқа жолданады.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары осы баптың санкцияларына сәйкес жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) – жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері мен олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.

Лицензиясыз емдеп, дәріні қымбаттатып сатқан тұрғын ұсталды
Немересі әжесінің үйіне ұрлыққа түсіп ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу