100-ден астам тұрғынға құқықтық кеңес берілді

Oinet.kz 17-07-2020 808

image.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің талабы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттарын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады. Сондай халықпен тығыз байланыс орнатудың жолы – «Жолда қабылдау» акциясы.

Іс-шара барысында облыс тұрғындары Полиция департаментінің фейсбук, Instagram әлеуметтік желілері арқылы өздерінің көкейдегі сұрақтарына онлайн-режимде жауап алды. Бірінші күннің өзінде әлеуметтік желі қолданушыларынан 100-ге тарта сұрақтар қойылып, полицейлер тарапынан жауаптар қайтарылды. Одан бөлек Түркістан қаласында 10 тұрғын акцияға арнайы келді. Оның 8-і өздерінің сауалдарына құқықтық кеңес алса, екі тұрғын айыппұл және көлікке газ орнату бойынша арыздарын қалдырды.

Аталмыш акцияның ұтымды тұсы осылай көмекке жүгінгендердің мәселелері жедел түрде шешілуінде. Кезексіз кез-келген тұрғынды қабылдаған облысымыздың тәртіп сақшылары азаматтардың мәселелерін тез арада қарап шықты.

Тікелей қабылдау жүргізген Түркістан облысы Полиция департаменті ӘПБ бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков мұндай акцияны ұйымдастырудың халық үшін пайдасы зор екендігін, халықпен қарым-қатынасты күшейтетіндігін атап өтті. Ең бастысы тұрғындарға қолайлы екенін жеткізді.

Жоғалған қызды тауып берді
Екі күнде 400 адам құқықтық кеңес алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу