Вирустан сақтанудың жолы – құқық бұзбау

Oinet.kz 10-07-2020 674

карантинтусдрме.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша өңірдегі барлық қала, аудандық полиция бөлімдері мен басқармалардың қызметкерлерінен мобильдік топтар құрылып, карантин талаптарын сақтау мақсатында рейдтік құқықтық ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 

Түркістан қаласында полицейлер қарқынды жұмыс атқарып, күнделікті жұмыстарынан бөлек арнайы жұма, сенбі, жексенбі күндері рейдтер ұйымдастыруда. Рейд кезінде қаладағы спорттық ойын алаңдары, саябақтар, ойын-сауық орталықтары, базарлар, кафелер толық тексеріліп, карантин талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынуда.

Арыс аудандық Полиция бөлімінің мамандары әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындарға қауіпті жұқпалы вирустан сақтанудың жолы – үйден шықпай, жеке бастың гигиенасын сақтау екенін айтып, көшеде топтасып жүрмеуге шақыруда. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қорғаныш құралдарын қолданып, қауіпсіздік талаптарын барынша сақтау керектігін ескертіп, карантин талаптарын бұзған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылатындығын хабарлауда.

Түлкібастық полицейлер тұрғындарға қаулыда көрсетілген тармақтарды орындау мақсатында демалыс үйлерге, туристік базаларға, бассейндерге, жағажайларға т.б демалыс орындарына баруға тыйым салынатынын ескертті. Осы талаптардың бұзылмауы бойынша хабарламалар таратылып, ескерту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да Түркістан облысы полицейлері тарапынан тұрақты түрде атқарылып отырады.

Карантин талаптары мен тұрғындардың құқықтарын түсіндіру жүйелі жүргізілуде
Полиция тұрғындарды тәртіп бұзбауға шақырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу