Полицейлер тұрғындарға карантин тәртібін түсіндіреді
Түркістан облысы әкмінің тапсырмасымен өңір полицейлері тұрғындарға карантин режимі кезіндегі құқықтарын түсіндірді. Полиция департаментіне қарасты қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдердің қызметкерлерінен арнайы мобильдік топ құрылып көпшілік халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Кәсіпкерлерге санитарлық режимді сақтау қажеттігі ескертілді. Ал, қоғамдық орындарға келуші тұрғындарға үнемі бетперде мен қолғап, антисептик секілді санитарлық құрал-жабдықтарды қолданып жүру тиістілігі айтылды.
Оған қоса, карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан әкімшілік жауапқа тартылатыны қатаң ескертілді.
Түркістан облысының Бас санитариялық дәрігерінің шешіміне сәйкес қайта күшейтілген шектеу шараларын тұрғындар өз бастарының саулығы, денсаулығы үшін сақтауын полицейлер қызметтік көліктерімен, көше-көше, нысандар, үйлерді аралап жүріп түсіндіруде. Ендеше, өздеріңіздің амандықтарыңыз үшін үйде қалыңыздар. Аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпаңыздар дей келе, түсіндіру жұмыстарына құлақ асуға шақырамыз.