Қонаққа шақырған туысының телефонын жымқырған күдікті ұсталды

Oinet.kz 29-05-2020 811

Түркістан облысының Полиция департаменті облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қылмыстың алдын алу және істі шұғыл қарау, құқықтық мәселелерді реттеу туралы тапсырмасын жүйелі жүзеге асырып келеді. Тез ашылған іс елдің сенімін оятып, полицияның төрелігіне жүгінетіндер артып келеді.

1590740381202064.jpg

Төлеби АПБ-не Леңгір қаласының жергілікті тұрғыны әйел арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, үйіне туыстары мен көршілерін қонаққа шақырған. Қонақтар кеткен соң, өзінің «ОРРО» маркалы ұялы телефоны жоқ екенін байқайды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 170 мыңнан астам теңгені құрады. Осылайша ұрланған телефонын тауып беру үшін полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Төлеби АПБ-нің тәжірибелі полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы тез арада іске кірісті. Барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырып, қонақта болған барлық азаматтардан жауап алынды. Нәтижесінде, күдікті сол күні қонақта болған туысы болып шықты. Қазығұрт ауданының тұрғыны, ұялы телефонды ұрлағанын мойындады. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы «қолхат». Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, ұялы телефон, әмияндарыңызға, одан бөлек алтын бұйымдарыңызға барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Үйлеріңізге жақын туыстарыңызға болмаса, көзтаныс азаматтарды кіргізбеңіздер.

Бағлан Халықов полицей болудың талаптарын онлайн түсіндірді
Өзін үйіне апарған адамның смартфоны мен ақшасын ұрлап ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу