Біреудің есепшотынан ақша шешіп алған поштаның бұрынғы қызметкері ұсталды

Oinet.kz 21-05-2020 610

кисендеу.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайту және істі шұғыл анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Келес ауданында полиция қызметкерлерінің қырағылығымен шешімін тапты.

Келес АПБ-нің кеңсесіне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адам есепшотына мемлекет тарапынан түскен 30 мың теңгеге жуық ақшасын пошта бөлімшесінің белгісіз қызметкері заңсыз шешіп алғанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын, бұрын поштада жұмыс істеген ер адам болып шықты.
Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінің қызметкері болған кезінде тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны айқындалды.
Осылайша өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) және 385-бабы (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Күдікті өзінің жасаған іс-әрекетін толық мойындап отыр. Заңсыз шешіп алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Бас шарасы «қолхатта».
Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды.

Ауласына қарасора еккен күдікті қамауға алынды
Адасып қалған 4 жасар қызды әкесімен табыстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу