Жымқырған смартфонды сата алмай жүрген ұры ұсталды

Oinet.kz 26-05-2020 739

стока.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайту және істі шұғыл анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлерінің қырағылығымен карантин кезінде ұрлаған бағалы смартфонды сата алмай өзі пайдаланып жүрген ұры ұсталды.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Сарыағаш қаласында орналасқан дәріханалардың бірінің қызметкері арызданады. Оның айтуынша «Самсунг» маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 мыңға жуық теңгені құрады. Аталған арыз Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған дәріханаға бағыт алады және жәбірленуші әйел дәріхана сатушысынан басқа да көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, бір апта ішінде күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіт болып шықты. Бұрын «ұрлық» жасап, кешірім беруінің арқасында қылмыстық жауапкершіліктен қысқартылғаны айқындалды. Ол ұрлық жасайтын күні дәріхана жанынан өтіп бара жатып, терезеден сатушының ұйықтап жатқанын, жанында ұялы телефоны тұрғанын байқап қалады. Ойына ұрлық жасау келіп, үстел үстінде тұрған телефонды ешкімнің назар аудармай тұрғандығын пайдаланып, тез арада қалтасына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Облысымызда карантин болуына байланысты ұялы телефонды сата алмай, өзі қолданып жүргені анықталды. Бас шарасы «қолхатта». Бүгінгі таңда аталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлердің айтуынша, көп жағдайда ұрылар оңай олжа ретінде ұялы телефондарды олжалайды. Байланыс құралының ықшамды әрі құны да арзан емес екендігін пайдаланады. Сондықтан қылмыскерлер смартфондарды қолды қылып, тез арада ақшаға айырбастауға асығады. Сол себепті полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.

Түркістан облысында заңсыз қарумен құқық бұзған 186 жағдай тіркелді
Билік өкілін балағаттаған бұзақы енді заң алдында жауап береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу