Адамдардың атынан онлайн несие алып жүрген алаяқ ұсталды

Oinet.kz 23-04-2020 695

94067289_877571986051824_6695132949584543744_o.jpg

Сарыағаш ауданында полицейлер өзгенің атынан онлайн несие алып жүрген жас жігітті ұстады. Аудандық полиция бөліміне арызданушының айтуынша бейтаныс азамат оның атынан жеке куәлігін пайдалана отырып, ғаламтор арқылы 75 мың теңге онлайн несие алған. Бүгінгі таңда ол қарызы 250 мың теңгеге жуықтап, көбейіп кеткен. Аталған іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркелді. 

Орын алған алаяқтықты анықтау мақсатында Сарыағаш ауданының полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Куәгерлерден жауап алып, жиналған ақпарат көздері арқылы полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні бір күн ішінде өз үйінен ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.

Аталмыш қылмыстың ақ-қарасын анықтауға кіріскен тергеуші, полиция лейтенанты Ерасыл Намазбаевтың анықтауынша, күдікті өзінің жымысқы ойын іске асыру мақсатында жәбірленушіден «туыстарым ақша салатын еді, каспи голдыңды бере тұрсаң» деп алдап алғаны белгілі болған. Оған қоса оның осыған ұқсас тағы 3 жайтқа қатысы бар болып шықты. Бұл деректерде алаяқ жас жігіт жәбірленушінің біреуінің атынан 25 мың теңге, келесісінен 35 мың теңге, үшінші тұрғынның атынан 10 мың теңге несие алып, өз қажеттілігіне жаратып отырған. 



Терминал тонаушылар полициядан құтылып кете алмады
Полицейлер 3 күнде 18 құқықбұзушылықты анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу