Төтенше жағдай тәртібі мен тұрғындардың құқықтары онлайн режимде түсіндірілді
Түркістан облысының полициясы елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты «Жолда қабылдау» республикалық акциясын режимінде өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.
Азаматтарды қабылдау Түркістан облысы Полиция департаментінің «Фейсбуктегі» ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылды. Осы бойынша алдын ала тұрғындарға әлеуметтік желі арқылы ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығы Алмасхан Тастанбековтің жауап беретіні туралы хабарланып, құлағдар етілді. Соның нәтижесінде тікелей эфир барысында белсенділік танытқан азаматтар көптеген сұрақтарын қойып, арыз-шағымдары мен мәселелерін көтерілді. Кейбір тұрғындарымыз карантинге байланысты, оның ішінде блок-бекеттерге қатысты сауалдарын жолдаса, кейбіреулері түрлі қылмыстар бойынша уәждерін жеткізді. Және әрбір сұраққа нақты жауаптар берілді. Өз кезегінде тұрғындар да өздерінің алғыстарын жеткізіп, «керемет» деген смайликтер жолдап отырды. Сонымен қатар, полиция полковнигі төтенше жағдай режимі тұрғындарға кезіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, үйден шықпай отыруды қатаң ескертіп отырды.
– Бұл өзіңіздің саулығыңыз үшін қажет. Мүмкіндігінше үйде болыңыздар. Сыртқа тек аса қажеттілікпен, мысалыға дәріханаға, азық-түлікке шығыңыздар. Қыдырып, той-тойлауды уақытша тоқтата тұрыңыздар. Әрқайсымыз белгіленген шектеулерге мойынсынып, үйде болу керекпіз. Сонда ғана мына індеттен арыламыз, – деді Алмасхан Тастанбеков.