Шәуілдірде тәртіп бұзған үш адам қамауға алынды

Oinet.kz 06-04-2020 607

отрарпол.jpg

Отырар ауданында төтенше жағдай тәртібін бұзған үш адамды полицейлер соттың шешімімен қамауға алды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Отырарлық полицейлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері төтенше жағдайға байланысты Шәуілдір ауылында рейд жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде адамдар көп жиналатын орындарда жасалатын санитарлық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етпеген дүкен анықталды. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен тіркеліп, дүкен сатушысы, азамат аудандық соттың шешімімен 3 (үш) тәулікке қамаққа алынды. Оған қоса ауылдың орталығында орналасқан тағы бір дүкеннің, санитарлық-дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбегені белгілі болды. Аталған құқықбұзушы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен кінәлі деп танылып, 2 (екі) тәулікке қамауға алынды. Полицейлер мен СЭҚ-нің қызметкерлері жүргізген рейд барысында дүкендерден бөлек, адам көп шоғырланатын моншалар да тексерілді. Аталмыш іс-шара барысында дезинфекциялау жұмыстарын жасамаған моншаның тазалықшысы аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 3 (үш) тәулікке қамауға алынды. 

Түркістан облысының полицейлері өңір тұрғындарын төтенше жағдай тәртібіне бағынып, заң бұзбай сабырлық танытуға, аса мәжбүрлік болмаса үйден шықпауға шақырады.

Иесінің көзінше қойын ұрлағандар блокпостта ұсталды
Дәретханада марихуана сақтаған күдікті ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу