Полицейлер көшет ұрлаған күдіктіні ұстады

Oinet.kz 17-03-2020 681

кошет.jpg

Бұрын сотталмаған күдікті көшет ұрлап қолға түсті. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, 12 наурыз күні кешке белгісіз тұлғалар оның бақшасынан алманың 7 көшетін ұрлап кеткенін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 20 мың теңгені құрады. Аталған жайт Төлеби АПБ-мен СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жақын аймақтарды аралап шығып, қалдырылған іздердің бар-жоғын мұқият тексерді, оған қоса бірқатар басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары көрген-білген ауылдықтардан жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары «бақша ұрысының» ізіне түсті.

Ұзаққа созылған жедел-іздестіру іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотталмаған Төлеби ауданының тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері күдікті жас жігіттен айғақты зат ретінде ұрланған көшеттерді алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған «Ұрлық» жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болу және өз мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, ұрлықты болдырмау үшін өзінің шаруашылық аулаларын және үйлерін кіреберістердегі сенімді қоршаумен және құлыптармен нығайту қажет. Қандай да бір мүлік ұрланған немесе жоғалған жағдайда шұғыл «102» телефоны бойынша полицияға хабарлау керек.



Марихуана сатумен айналысқан күдікті қолға түсті
Мал ұрлап істі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу