Полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтады

Oinet.kz 18-03-2020 680

саркудик.jpg

Келес ауданының тұрғыны коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан Сарыағаш ауданының азаматы ұсталды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Келес АПБ-ға "Ватцап" мессенджері арқылы бейтаныс тұлғалар коронавирусты жұқтырған деген секілді Келес ауданының тұрғыны туралы жалған ақпарат таратылып жатқаны бойынша хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігі "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Тексеру барысында белгілі болғандай, желіде таралған аудиохабарламадағы әйел 10 наурыз күні Мәскеу-Шымкент рейсімен Германиядан ұшып келді. Әуежайда оны медицина қызметкерлері қарсы алып, Шымкент қаласындағы пәтеріне үй жағдайындағы карантинге жатқызған. Қазіргі уақытта әйел амбулаториялық ем қабылдауда. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.

Өз кезегінде жәбірленуші акушер-гинеколог полицияға жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдірді. Осылайша 18 наурызда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Келес АПБ-ның полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті өз әрекетін толық мойындап, қылмыс жасағанына өкініп отыр.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. 



Полицейлер танысын таспен ұрып ақшасын тартып алған күдіктіні ұстады
Полиция ағасының тайын ұрлап сатқан қызды ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу