Полиция түркістандықтарды тонаған ұрыны Шымкентте ұстады

Oinet.kz 19-03-2020 558

сайрампол.jpg

Түркістан облысының полицейлері бірнеше қалта ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында дәріхана қызметін алған азамат, жағдайы жақсы емес екенін айтып, су сұрап, жәбірленуші суға кеткен кезде оның сөмкесіндегі банкомат карточкасымен, 125 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Бұдан бөлек, Сайрам АПБ-не жергілікті әйел арыз түсірді. Жәбірленушінің айтуынша, ол тіс емханасына келеді, содан киім ілгішке сырт киімімен сөмкесін қалдырып, ем алуға кіріп кеткен. Шыққанында сөмкесіндегі 10 мың теңге ақшасы жоқ болып шығады. Осы жайттар Сайрам аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Аталған ұрлық жайттарын ашу мақсатында аудандық полицейлер жедел әрекет етті. Қажетті шараларды жүргізді, куәгерлерден жауап алынды, бейнебақылау камералары тексерілді. Нәтижесінде екі ұрлықты да бір адам жасағаны белгілі болды. Күдікті Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталды. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны болғанымен үнемі әр жерде пәтер жалдап, ұрлық жасап жүрген азамат болып шықты. Одан бөлек, күдікті бұдан алдын «Тонау», «Ұрлық» баптары бойынша 2,5 жылға сотталған екен. Одан шыққаннан кейінде қайта жасап, былтыр ұсталған. Дегенмен жәбірленушілердің кешірім беруімен іс қысқартылған көрінеді. Алайда, жеңіл жолмен ақша табуды әдетке айналдырған жас жігіт бұл жылы да қайта қалта ұрлықтарын жасап, Сайрам АПБ-нің қызметкерлерімен ұсталды. Күдікті қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің облыстың басқа да аудандарында жасаған қылмыстарын анықтауда. Әзірге полицейлердің әрекетімен күдіктінің 10 жайтқа жуық қалта ұрлығын жасағаны айқындалды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз құнды заттарыңызға, ақшаларыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше сөмкелеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар, аузын ашық етіп ұстамаңыздар деп кеңес береді.



Полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Полицейлер танысын таспен ұрып ақшасын тартып алған күдіктіні ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу