Ішімдік ішіп көлік жүргізген 8 адам ұсталды

Oinet.kz 19-03-2020 676

85083213_826937984448558_3390241201125851136_o.jpg

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Ағымдағы жылдан бастап Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мас халде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты талаптарды қатаңдатуы бойынша, тәртіп сақшылары жолдағы құқықбұзушыларға сан алуан рейдтік шараларды қолдануда. 

Әсіресе аудандық патрульді полиция қызметкерлері түнгі уақыттарда рейдке шығуды әдетке айналдырған. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында 2020 жылдың 11-қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарыағаштық полицейлермен 8 жүргізуші мас халде ұсталды. Олардың үшеуіне ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру», дәл осы баптың 6-бөлігімен тағы да 3 азаматқа хаттамалар толтырылды. Ал екі жүргізушіге 608-баптың 8-бөлігімен айыппұл салынды. Бұл екі жүргізуші де мүгедек бола тұра мас халде көлік басқарған.

Облыстық полицейлерге жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, оларға түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізу міндеті де қойылды. Себебі жол-көлік оқиғалары көбіне рөлге мас күйінде отырған азаматтардың жауапсыздығынан орын алады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың да жолда жүру ережесін бұзуы жол-көлік оқиғасын туындатады. Сондықтан жолда жүргенде жол ережесін сақтап, ұдайы ұстанған жөн. 



Полицейлер оқушыларға тергеу изоляторын аралатып көрсетті
Азық-түлік ұрлаған әйел ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу