Қазығұрт ауданында мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылық анықталды

Oinet.kz 07-09-2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында 2026 жылғы шілде айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған  мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын рұқсат беру құжаттарының болуына қатысты талаптардың сақталмағаны анықталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың нысаны «Өрт-күзет дабылын және өрт сөндіру жүйелерін техникалық қызмет көрсету қызметтері» болып табылған. Аталған қызмет түрін көрсету үшін тиісті рұқсат беру құжатының болуы қажет.

Алайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге және тартылатын қосалқы мердігерлерге қажетті рұқсаттың немесе хабарламаның болуына қойылатын талапты белгілемеген.

Бұл жағдай қызмет көрсетуге қажетті рұқсаттары бар білікті өнім берушілерді анықтау және мемлекеттік сатып алу рәсімінің талаптарға сай өткізілуі тұрғысынан тәуекелдер туындатуы мүмкін.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан Қазығұрт ауданының білім бөліміне тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімін белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге, жұмыстар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың сақталуына және мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы  Б.Мақашов

Проведен камеральный контроль процедуры государственных закупок областного перинатального центра №3
В Казыгуртском районе выявлено нарушение в процедуре государственных закупок
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу