Шардара ауданында мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде бұзушылық анықталды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөліміне қарасты «Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында 2026 жылғы шілде айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.
Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде сатып алынатын тауарларды олардың біртекті түрлері және жеткізу орны бойынша тиісті лоттарға бөлу талаптарының сақталмағаны анықталды.
Атап айтқанда, тапсырыс беруші шахмат, швабра, тонер, доп және еденге арналған плитка сияқты біртекті емес тауарларды бір сатып алу шеңберінде тиісті лоттарға бөлмей жоспарлаған.
Мұндай тәсіл әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін шектеп, бәсекелестікке кері әсер етуі мүмкін.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан «Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлауға, бәсекелестікті дамытуға және мемлекеттік қаражатты тиімді әрі ашық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов


