Сарыағаш ауданындағы №71 мектептің мемлекеттік сатып алу рәсімінде бұзушылық анықталды

Oinet.kz 07-09-2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты «№71 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында 2026 жылғы шілде айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған  мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.

Камералдық бақылау нәтижесінде тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімдерін белгілеу кезінде талаптардың сақталмағаны анықталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруда тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету мерзімі «шартқа қол қойылған сәттен бастап 7 күнтізбелік күн» деп көрсетілген. Сонымен қатар, техникалық ерекшелікте жұмыстарды орындаудың, тауарларды жеткізудің немесе қызметтерді көрсетудің нақты мерзімі белгіленбеген.

Мұндай талаптардың белгіленуі әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігіне әсер етіп, белгіленген талаптарды орындауда қиындықтар туындатуы мүмкін.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан «№71 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімін қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер үшін тең жағдай қалыптастыруға бағытталған маңызды тетік болып табылады.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы  Б.Мақашов

В Жетысайском районе выявлено нарушение в процедуре государственных закупок
В процедуре государственных закупок школы №71 Сарыагашского района выявлено нарушение
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу