Жетісай ауданында мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылық анықталды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «№3 Ю. Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында 2026 жылғы тамыз айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.
Камералдық бақылау барысында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарының негізділігі қаралды.
Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге «EL4-R18_MIK2-V1 – мерзімді баспа басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою» талабын белгілеген.
Алайда, аталған талаптың әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін шектеп, олардың қатысуын негізсіз күрделендіретіні анықталды. Осыған байланысты көрсетілген талаптың біліктілік шарты ретінде белгіленуі негізсіз деп танылды.
Анықталған бұзушылықты жою мақсатында Департамент тарапынан «№3 Ю. Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімін белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде бәсекелестікті қамтамасыз етуге, әлеуетті өнім берушілердің тең қатысу мүмкіндігін қалыптастыруға және мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов


