Сарыағаш ауданында мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылық анықталды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты «Толыбай батыр атындағы №66 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында 2026 жылғы тамыз айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.
Камералдық бақылау барысында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарының негізділігі қаралды.
Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге «EL4-R19_KNB4-V1 – Криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) рұқсат беру» рұқсатының болуына қатысты біліктілік талабын белгілеген.
Алайда, аталған рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің шеңберін негізсіз тарылтып, олардың қатысу мүмкіндігін шектейтіні анықталды. Осыған байланысты көрсетілген рұқсаттың болуына қойылған біліктілік талабы негізсіз белгіленген.
Анықталған бұзушылықты жою мақсатында Департамент тарапынан «Толыбай батыр атындағы №66 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу рәсімін белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде бәсекелестікті қамтамасыз етуге, әлеуетті өнім берушілердің қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов


