Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы мемлекеттік сатып алуға жүргізілген камералдық бақылау нәти
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының «Ордабасы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.
Бақылау жұмыстары барысында 2026 жылғы тамыз айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.
Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде нақты тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және жекелеген өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын сипаттамалардың көрсетілгені анықталды.
Атап айтқанда, техникалық ерекшелікте қатқыл дискінің нақты маркасы мен үлгісіне тән сипаттамалар көрсетілген. Мұндай талаптар мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер арасында бәсекелестікті шектеуге алып келуі мүмкін.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан мемлекеттік мекемеге тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу құжаттамасын белгіленген талаптарға сәйкестендіру тапсырылды.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің хабарламасы толық көлемде және тиісті дәрежеде орындалып, анықталған бұзушылықтар жойылды.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңдылығын, ашықтығын және бәсекелестік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов


