Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Oinet.kz 15-07-2026

Screenshot_12.jpg

«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Бұл қағидаттың негізгі міндеттерінің бірі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу арқылы қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Өйткені жолдағы тәртіп – әрбір азаматтың өмір қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор.

Осы мақсатта 11–16 шілде аралығында Шымкент қаласының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолын кесуге бағытталған республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала көшелері мен жолдарында күшейтілген бақылау ұйымдастырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударуда. Тексеру кезінде адам өміріне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарды анықтауға басымдық берілуде. Атап айтқанда, мас күйінде көлік басқару, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану сияқты өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартумен қатар жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде. Мамандар жол қозғалысы ережелерін сақтау – заң талабы ғана емес, әрбір адамның өз өміріне және өзгенің қауіпсіздігіне деген жауапкершілігі екенін түсіндіруде. Себебі жолдағы бір ғана қателік орны толмас қайғыға алып келуі мүмкін.

Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өзара сыйластық танытып, жолда барынша мұқият әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ міндеті. Заң талаптарын сақтау, тәртіпке бағыну және жол мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана адам өмірін сақтап, қауіпсіз әрі жайлы қоғам құруға болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің маңызды бағыты
Шымкентте түнгі профилактикалық рейд өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу