Шымкент полициясы жартыжылдықты қорытындылады

Шымкент қаласы полиция департаментінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына арналған жедел кеңес өтті. Жиынға департаменттің жеке құрамы, басқарма және бөлім басшылары қатысып, оған департамент бастығы, полиция генерал-майоры Мұхтар Қожаев төрағалық етті.
Кеңес барысында өткен алты айдағы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері жан-жақты талданып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, құқық бұзушылықтардың профилактикасы және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылған жұмыстарға кешенді баға берілді. Сонымен қатар құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен олардың нәтижелері кеңінен сараланды.
Жиында қол жеткізілген оң көрсеткіштермен қатар қызмет барысында кездескен кемшіліктер де ашық талқыланды. Әрбір құрылымдық бөлімшенің жұмысына жеке баға беріліп, анықталған олқылықтарды жоюға арналған нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ алдағы кезеңде басымдық берілетін бағыттар айқындалып, қылмыстың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және халықпен кері байланысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес барысында полиция қызметінің басты өлшемі статистикалық көрсеткіштер ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқық қорғау органдарына деген сенімі екені атап өтілді. Осыған байланысты азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту міндеті қойылды.
Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты полиция қызметінің негізгі бағдары екенін ерекше атап өтті. Бұл қағидат заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға негіз болады. Сондықтан алдағы кезеңде Шымкент қаласының полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың тыныштығын сақтау бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті қызметтің басты ұстанымы ретінде жүйелі түрде жүзеге асыра бермек.


