Полицейлер кәсіби біліктілік танытты

Oinet.kz 18-07-2026

Screenshot_8.jpg

«Заң мен тәртіп» қағидаты заң үстемдігін нығайтып, әрбір азаматтың құқығы мен мүддесін қорғауды басты басымдықтардың біріне айналдырды. Құқық қорғау органдарының кәсіби әрі адал қызметі қоғамның мемлекетке деген сенімін арттырып, әділеттіліктің салтанат құруына жол ашады. Бұл қағидаттың өміршеңдігі әрбір дер кезінде ашылған қылмыс пен азаматтардың қалпына келтірілген құқығынан айқын көрінеді.

Соның жарқын мысалы – Шымкент қаласының тұрғынының Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушілеріне білдірген шынайы алғысы. Алаяқтардың арбауына түсіп, 20 миллион теңгесінен айырылған азаматтың қаржысы полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде толық көлемде қайтарылды.

Жәбірленушінің айтуынша, қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері қысқа мерзімде ұйымдастырылып, барлық мән-жай жан-жақты зерттелген. Жиналған дәлелдемелердің негізінде заңсыз иемденілген қаражаттың толық көлемде қайтарылуына қол жеткізілді. Бұл – тергеушілердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің нақты нәтижесі.

Тұрғын өз алғысында істің әрбір кезеңіне мұқият қарап, заң аясында әділ шешім қабылдауға күш салған полиция қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, тәртіп сақшыларының табандылығы мен адалдығы арқасында өз құқығы қорғалып, әділдік салтанат құрған.

Мұндай оқиғалар қоғамда құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтып, заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі полиция қызметінің маңызын айқын көрсетеді. Әсіресе интернет алаяқтық пен қаржылық қылмыстар көбейген кезеңде азаматтардың мүддесін қорғау – тәртіп сақшыларының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.

Өз кезегінде Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері азаматтардың алғысы олардың еңбегіне берілетін ең жоғары баға екенін атап өтті. Өйткені полиция жұмысының басты мақсаты – құқық бұзушылықтың жолын кесу ғана емес, әрбір азаматтың бұзылған құқығын қалпына келтіріп, заңның әділдігін қамтамасыз ету.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы мұндай нәтижелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағыттала бермек.

Заң мен тәртіп: заңсыз жалға беруге тосқауыл
Көше – жарыс алаңы емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу