Алаяқтардың арбауына түскен әйелге полицейлер көмектесті

Oinet.kz 21-07-2026

Screenshot_1.jpg

«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы құқық үстемдігін нығайтып, азаматтардың заңға деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл қағидат құқық қорғау органдарының әрбір істі заң талаптарына сай, әділ әрі жан-жақты қарауына негіз болады. Шымкент қаласының полиция қызметкерлері де осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізіп, тұрғындардың құқықтарын қорғауға ерекше мән беріп келеді.

Жуырда Шымкент қаласы полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына алаяқтардың арбауына түскен сегіз зейнеткер арнайы келіп, қылмыстық істі тергеген полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, өзін туристік қызмет көрсетуші ретінде таныстырған азаматтар шетелге тиімді бағамен демалысқа шығуды ұсынып, түрлі жарнамалар арқылы сенімге кірген. Ұсынысқа иланып, саяхат құнын алдын ала төлеген тұрғындар көп ұзамай уәде етілген сапардың ұйымдастырылмайтынын түсінген. Нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 4 миллион теңгені құраған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп, істің барлық мән-жайын мұқият анықтады. Тергеу барысында қажетті дәлелдемелер жиналып, процессуалдық әрекеттер толық орындалды. Жиналған айғақтардың негізінде қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысына ризашылық білдірген зейнеткерлер олардың әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарап, істің соңына дейін жеткізілуіне күш салғанын ерекше атап өтті.

– «Біздің мәселемізге бейжай қарамай, істің әділ шешілуіне бар күш-жігерін жұмсаған тергеушілерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай адал қызметтің арқасында әділдікке деген сеніміміз нығая түсті», – дейді тұрғындар.

Бұл оқиға полиция мен халық арасындағы өзара сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді. Құқық қорғау органдарының кәсіби әрі жауапты қызметі азаматтардың заңға деген құрметін күшейтіп, қоғамдағы әділеттіліктің салтанат құруына ықпал етеді.

Шымкент қаласының полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың арбауына түспеу үшін барынша сақ болуға шақырады. Кез келген қызметке алдын ала ақы төлемес бұрын компанияның заңды тіркелгенін, іскерлік беделі мен пікірлерін мұқият тексерген жөн. 

Балалардың қауіпсіздігі – ерекше бақылауда
Қайнарбұлақ елдімекені тұрғындарының мәселелері тыңдалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу