Ордабасы: «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – агросаланы көтеру

Oinet.kz 25-11-2025 5

Screenshot_1.jpg

«Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асқан жобалар – ауыл экономикасына оң серпін беріп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында еңбеккерлер ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеріп, тұрақты табыс көзіне айналдырып келеді. Бұл – көптеген шаруашылық иелерінің мысалында айқын көрініс тапты. Солардың бірі ауданымызға қарасты Шұбар елді мекенінің тұрғыны Пірәлі Берік. Ол 7,2 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылқы бордақылау ісін бастады.

Мемлекеттік саясаттың маңызды қадамдарының бірі – «Ауыл аманаты» жобас. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге арналған және жалпы әлеуметтік мультипликативті әсер береді: әрбір жаңа агрожоба жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ете отырып, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашады. Республика деңгейінде жоба аясында 2023 жылдан бастап 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылыпты. Өткен жылы 744 жаңа жұмыс орнын құрумен 6,5 миллиард теңгеге 580 микрокредит берілген. 3,6 миллиард теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылған. Жобаны іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты екі мәселе шешімін тапқан. Оның бірі – төмен пайызбен несие алу, екіншісі – ауылдық елді мекендердегі мүліктердің кепілдікке қабылдануы. Бұл кәсіп бастаған ауыл тұрғындарына үлкен қолдау болғаны анық.

– «Ауыл аманаты» жобасының тиімді тұстары өте көп. Ең бастысы ауылда отырған шаруаға өте қолайлы. Мал басын арттырып, мал бордақылап, сиыр сауып, сүт өнімдерін өндіруге мүмкіндік бар. Бұл жоба ауылға зор мүмкіндік пен серпін әкелді деп ойлаймын, – дейді ол

Берік бұл қаражатқа 18 бас жылқы сатып алған. 18 тонна шөп пен арпа қорын толықтырған. Қора-жайды жөндеп, қажетті құрал-жабдықтарға 1,3 миллион теңге жұмсаған.

Бүгінде шаруашылық ай сайын табыс әкелуде. Жылқы бордақылаудың орташа айналымы 90-120 күн аралығында. Осы кезеңде әр малдан 70–90 мың теңге пайда түседі. Беріктің айтуынша, кәсіп басталғалы отбасының тұрмысы жақсарып, табыс тұрақты арнаға түскен. Кәсіптің тиімді тұсы еңбекті еселеп, табысты көбейте беру мүмкіндігінде. «Жалпы бұл жобаның ауыл тұрғындары үшін тиімді тұсы көп. ең алдымен азық-түлік қауіпсіздігі мен дәнді дақылдардың өнімділігі ел халқының экономикасы мен әл-ауқатына мультипликативті әсер ететіні белгілі. Қайта өңдеу өнеркәсібінің, әлеуметтік саланың, халықаралық сауданың, ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің дамуына серпін береді. Мемлекет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін, отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Осы жобаның аясында жеңілдетілген несие рәсімдеп, жұмыс бастаған менің алдағы жоспарым мал басын 50 басқа дейін көбейту, шағын жемшөп қоймасын салу, қосымша бірнеше адамды жұмыспен қамту, – дейді Берік Пірәлі.

Түркістан қаласы: Яссы мен Шауғар шағын ауданының дамуы бақылауда
Арыс қаласы: Қала дамуында әрбір пікір, әрбір ұсыныс маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу