Сауран: Қос округте атқарылған жұмыс көп

Oinet.kz 27-11-2025 6

Screenshot_10.jpg

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Бабайқорған және Шорнақ ауылдық округінде халықпен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуде аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы 9 айда аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, мәдениет және абаттандыру салаларындағы негізгі жетістіктер мен алда тұрған міндеттер айтылды.

Мақсат Таңғатаров өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында билік пен халық арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету, тұрғындармен тікелей байланыс орнату маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстарға назар аударып, әрбір сауалға нақты жауап берді.

Осыдан кейін Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Жасұлан Мыңтаевта 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есебін ұсынды. Оның айтуынша, округке қарасты Үлгілі ауылында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілген. Б.Майлин көшесіндегі №75 учаскеде орналасқан спорт алаңының жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді (0,30 гектар) құрайды. Мұнда футбол ойнауға арналған жасанды төсеніш төселіп, айналасы толық қоршалған. Сондай-ақ балаларға арналған шағын ойын алаңшасы да салынды. Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді. «Ел Президенті жастардың жан-жақты дамуына, ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл бастама сол мақсаттың нақты көрінісі», дейді округ әкімі.

Кездесу қорытындысында айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер бақылауға алынып, шешімін табу мақсатында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ал Шорнақ ауылдық округінде аудан және ауыл әкімдерінің есеп беру кездесуі А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сөз алып, аудан көлемінде 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ол өз сөзінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін атап өтіп, инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыл шаруашылығы, абаттандыру және әлеуметтік нысандарды жаңғырту бағытында іске асқан жобаларға тоқталды. Келесі кезекте Шорнақ ауылдық округінің әкімі Нұрсейіт Бабичов округтің 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша есебін ұсынды.

Әкімнің айтуынша, округ аумағында көгалдандыру, абаттандыру, ауылішілік жолдарды жөндеу және әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау бағытында жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып, бірқатар мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Кездесу соңында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, ауылдағы өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Аудан әкімі көтерілген әрбір мәселе бақылауда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Түркістан қаласы: Шағын аудандарда маңызды жобалар жүзеге асырылуда
Түркістан қаласы: Яссы мен Шауғар шағын ауданының дамуы бақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу