Қазығұрт: Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда

Oinet.kz 25-11-2025 6

_gluster_2025_10_13_015ba75508f840b544a1127d8b2c6baa_original.198794.jpg

Қазығұрт ауданынының 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері жақсара түскен. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов ауылдық округтерді аралап, халықпен өткізген кездесулерінде өңір экономикасының даму көрсеткіштерімен жеке-жеке таныстырып келеді. Мәселен, Қазығұрт ауылы округінде тұрғындарымен өткен кездесуде де атқарылған жұмыстар баяндалды.

Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт ауылдық округінің инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды жаңарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғасатынын айтты. Атап айтсақ, Қазығұрт елді мекеніндегі жеке тұрғын үйлерде, тұрғын үй аумағынан тыс салынған септиктерді ретке келтіру мәселесі бойынша арнайы құрылған жұмысшы топпен Қазығұрт елді мекенінде кәріз жүйелері тұрғын үй учаскесінің сыртында орналасқан 32 үй анықталып, оның 9-ы қайта көмілді, 14-і талапқа сәйкестендіріп қауіпсіздік шаралары орнатылды. Сонымен қатар, ауыл округі тұрғындарына нормативтік талаптарды сақтау бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ал А.Тоғаев көшесіндегі дүкендерінің құрылыс заттарын дүкен ішінде сатуын, аяқжолдарға шығарылмауын қадағалау мәселесі бойынша апта сайын бір рет Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен Қазығұрт ауылы әкім аппараты мамандары Қазығұрт елді мекеніндегі А.Тоғаев көшесінің бойындағы дүкен иелерімен құрылыс заттарын дүкен ішінде сату және аяқжолдарға шығармау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, тәртіп сақтамаған дүкен иесіне әкімшілік 1 хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Елді мекенде таза ауыз судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қазығұрт елді мекенінде ауыз судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда ауыз су тұрақты берілуде.

Келес өзені бойынан қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкердің құжаттарымен танысып, заң аясында жұмыс жүргізуі мәселесі бойынша зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Қазығұрт ауыл округіндегі Келес өзінінің бойында  наурыз-сәуір айлары аралығында жер қойнауын заңсыз пайдаланды деген дерекке байланысты жұмысшы топ арқылы ЖК М.Пазилов өз иелігіндегі жерге балық шаруашылығына арнап жасанды көл қазу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Жеке кәсіпкердің құжаттары заң талаптарына толық сәйкес, және бүгінгі таңға жасанды көлге шабақтарды тастау жұмыстарын жүргізуде. Келес өзені бойында заңсыз жер қойнауын пайдалануының алдын алып, рейдтік іс-шаралар жүргізу мәселесі бойынша Қазығұрт ауданы аумағында жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі жұмыс тобы бүгінгі таңға дейін 25 рейдтік іс-шаралар атқарылып, жалпы 22 дерек тіркелді. Тіркелген деректің құжаттары облыстық экология департаментіне жолданып, айыппұл салу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Қазығұрт ауылы округінде орналасқан базар, азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылған. Рейдтік жұмыстардың нәтижесінде 12 сауда орталықтарына азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіргені анықталып, Түркістан облысы бойынша азық-түлік тауарларының барлық тізбегіне баға белгілеу бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссия төрағасының атына түсінік алынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Болашақ шағын ауданынан мектеп салу мәселесі бойынша жеке инвестор С.Артықбаев «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі арқылы 600 орындық мектеп құрылысын жүргізуге ниет білдірген болатын. Бүгінгі таңға белгіленген жер телімінің құжаттары рәсімделіп, мектеп құрылысы басталған. Мектеп құрылысын 2026 жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ Д.Қонаев көшесі бойында орналасқан кәсіпкерлік ғимараттағы құмар ойын орындарына рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, жұмыстарын тоқтату мәселесі бойынша осы жылы 12 сәуір күні облыстық полиция департаменті тарапынан Қазығұрт елді мекені Д.Қонаев көшесі номерсіз ғимаратта орналасқан кәсіпкерлік нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде құмар ойындары ұйымдастырып жатқандығы анықталып, ойын техникалары тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Ғимарат толығымен жабылды. Б.Момышұлы көшесін орта жөндеу мәселесі бойынша 2026 жылы сметалық есебін әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Аудан әкімі округ тұрғындарымен болған кездесуден кейін Болшақ шағын ауданындағы көшелерді аралап, ретсіз тасталған әрі уақытылы алынбаған көше бойындағы қоқыстарды ретке келтіріп, ауылы округі әкіміне аталған кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Шардара: Негізгі басымдық – су шаруашылығы инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту
Қазығұрт: Тұрбат және Қызылқия ауылдық округтерінің инфрақұрылымын жақсартуға көңіл аударылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу