Қазығұрт: Тұрбат және Қызылқия ауылдық округтерінің инфрақұрылымын жақсартуға көңіл аударылды

Oinet.kz 26-11-2025 6

Screenshot_2.jpg        Қазығұрт ауданының Тұрбат пен Қызылқия ауылдық округтерінде де атқарылған жұмыс, шешімін тапқан мәселе көп. Аудан әкімі Азизхан Исмаиловты айтуынша, Тұрбат ауылы округінде осы жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жиында 5 мәселе көтеріліп, оның ішінде 1 мәселе толық шешімін тапса, 4 мәселе бойынша жұмыстар жалғасуда екен. Мәселен, Еңбек елді мекеніндегі Атамекен, Жаңағасыр, Наурыз көшелерінде жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жолды орта жөндеуден өткізу құрылыс жұмыстарын «Сват Кокше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, пайдалануға берген. Оның жобалық құны 169,3 миллион теңгені құрайды.

Ал Өндіріс елді мекенінде табиғи газға қосылмай қалған тұрғын үйлерге жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Қызылдихан ауылында таза ауыз су ұңғымасын ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар заң аясында іске асырылуда. Сондай-ақ мұнда фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, осы жылдың 7 қыркүйек күні салалық басқармаға ұсыныс берілген. Қазығұрт ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету, тасмалдау жұмыстары 2025 жылғы 30 тамыздан бастап жеке кәсіпкер «Асыл» тарапынан атқарылуда. Қазіргі таңда Тұрбат ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта «Таза су» МКК өз құзырына алып, кезең кезеңімен жүргізуде.

Осындай жиын аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың қатысуымен Қызылқия ауылы округінде өткізіліп, онда көтерілген 5 мәселе де әкімдік тарапынан бақылауға алынған. Яғни, округке қарасты Айнатас елді мекеніндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша бүгінгі таңға 52,3 миллион теңгеге сметалық есебі әзірленіп, сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ мұнда фельдшерлік-акушерлік пункт салу мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен келісе келе орнын ауыстырып, тиісті құжаттары салалық басқармасына ұсынылған. Сонымен қатар, 2026 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жеке инвестормен келісім жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан салынған стадион құжаттарын заңдастыру бойынша ауыл округінің қоғамдастық отырысының хаттамасы және ұлғайтылатын жер телімдерінің сызбасы әзірленді. Қазіргі таңда елді мекен шекарасын кеңейту, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің корытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталған соң құжат аудандық маслихат сессиясына ұсынылады. Ал Ынталы елді мекеніне баратын көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде осы жылдың соңына дейін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленбек. Ары қарай тиісті қаржыларды бөлу үшін бюджетке ұсынылмақшы.

Қызылқия елді мекені Тоқтамысов көшесінің батыс бөлігінен Дүйсебай болыс көшесіне мүмкіндігіне қарай ағын су тарту мәселесі бойынша аталған көшеге ағын су тарту бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Р-8 каналынан су тарту бойынша ақау актісі жасалынған. Құны жобамен 63 миллион теңгені құрайды. Қаржыландыру үшін салалық басқармаға ұсыныс берілген. Келесі жылға тиісті қаржылар қаралған жағдайда ағын су тарту жұмыстары жүргізілмек елді мекенге.

Сонымен қос ауылдық округте өткен кездесу соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, барлық көтерілген мәселелердің бақылауда болатынын атап өтті. Сонымен қатар, аудан басшысы Тұрбат және Қызылқия ауылдық округтерінің инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды жаңарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Қазығұрт: Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда
Сарыағаш: Әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу