Су үнемдеу технологиясы 114 мың гектар алқапқа енгізілді

Oinet.kz 11-11-2025 5

Screenshot_5.jpg

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияны ендіре отырып, өнімділікті арттыру бағытында жұмыстар тұрақты жалғасын тауып келеді. Мәселен, 2025 жылдың 10 айына 2329 жобаға 26,4 миллиард теңге бөлінді, ол өткен жылға қарағанда 1,6 есе арттық. Әлі де облыста ауыл шаруашылығы саласында қаржыландыру жұмыстары жалғасуда. Агроқұрылымдарды қаржыландыру жұмыстары облыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы жүргізуде.

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға орналастырылды. Соңғы 3 жылда тамшылатып суару және жаңбырлатып суару технологияларының енгізілуі есебінен егіс көлемі 43,4 мың гектарға ұлғайған. Оның ішінде өткен жылмен салыстырғанда Отырар ауданында егіс көлемі 20,8 мың гектарға, Арыс қаласында 9,2 мың гектарға, Сарыағаш ауданында 6,5 мың гектарға, Бәйдібек ауданында 4,8 мың гектарға, Сауран ауданында 2,3 мың гектарға артты.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Әлібек Плаловтың мәлімдеуінше, егіс құрылымы бойынша дәнді дақылдар 342 мың гектарға, майлы дақылдар 73 мың гектарға, көкөніс және картоп 55,9 мың гектарға, бақша дақылдары 62 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 229,9 мың гектарға, мақта 144,5 мың гектарға орналастырылған. Өңірде дала жұмыстарына жанар-жағармай босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Дала және жиын терім жұмыстарына 93,3 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 55,3 мың тонна жанар-жағармай толық сатып алынып, 41,7 мың тоннасы босатылды. Күзгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағармай толық сатып алынып, бүгінде 12,4 мың тонна босатылған.

Мемлекет басшысының минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізде енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 781 мың гектар егіс алқабына 227,1 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізіліп, жоспар 120 пайызға орындалған. Жалпы 3 жылда егіс алқаптарына тыңайтыштар енгізу көлемі 2 есе артқан.  

Ал ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі таңда қолданыста 25 мың техника бар. Тауар өндірушілер 1531 жаңа техника сатып алды. Техникалар паркін жаңалау 8,8 пайызды құрады. Жыл соңына дейін 10 пайызға дейін жеткізу көзделген. «Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау қалыпты деңгейде жүргізілуде. Биыл 695 мың тонна дәнді дақылдар, 54 мың тонна майлы дақылдар, 1,5 миллион тонна көкөніс, картоп, 1,7 миллилон тонна бақша дақылдары, 5,2 миллион тонна малазықтық дақылдар және 428 мың тонна мақта жиналды. Мақта өнімі 1,4 есе, ал күріш 2,3 есе артты», – дейді Әлібек Плалов.

Сондай-ақ биыл су – үнемдеу технологияларын 27 мың гектарға енгізу жоспарланып, нақты 59 мың гектар алқапқа енгізілген. Оның ішінде, 54,6 мың гектар – тамшылатып суғару, 4,4 мың гектар – жаңбырлатып суғару технологиялары. Осылайша, су үнемдеу технологиялары ендірілген алқаптардың жалпы көлемі 114 мың гектарды құрады. Су үнемдеу технологияларының тиімділігі нақты тәжірибеде дәлелденіп отыр. Мәселен былтыр мақта дақылы жаңа технологиямен 1,9 мың гектарға егілсе, биыл 52,2 мың гектарға егіліп, өнімділік 2 есе артты. Дәстүрлі егісте гектарына 5,2 мың текшеметр ағын су пайдаланса, жаңа технологиямен 2,6 мыңтекшеметр пайдаланады. Одан бөлек осы жылы күріш дақылы қанатқақты жоба түрде тамшылатып суғару технологиясымен егіліп, жоғарғы өнімділік көрсетіп отыр. Алғашқы кезеңде дәстүрлі егіспен өнімділік 3,4 тоннаны құраса, жаңа технологиямен гектарына 4-5 тоннаны құрады. Топырақ құнарлығын арттыра отырып кейінгі жылдары гектарына 6-7 тонна өнім алуға мүмкіндік береді.   

Түлкібас: Таза ауызсу жүйесі тартылуда
Облыста 66 спорт нысаны пайдалануға берілген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу