Инклюзивті білім: теңдікке апарар жол

Oinet.kz 23-10-2025 5

Инклюзивті қоғам құрудың бір бөлшегі ол инклюзивті білім беру жүйесі  болып табылады. Бұл жобалар аясында еліміздің мектептерінде   түзету кабинеттері ашылып, педагог-психологтар мен дефектологтардың жұмысы күшейтілді. 

image.png

    Республика бойынша 80%-ға жуық мектеп инклюзивті оқыту жүйесіне бейімделген. Жақында Алматы қаласында «Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында  инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы Дүниежүзілік конгресс аясында дөңгелек үстел өтті. Сол жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова: «Қазақстанда жасанды интеллектіні пайдалану және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау мәселелері басты назарда. 

     Инклюзияның негізі – адами құндылықтар: сыйластық, қабылдау және қолдау. Біз заманауи сын-қатерлер мен жаһандық үрдістерді ескере отырып, білім мазмұнын жетілдіруде күш біріктіріп, тиімді стратегиялар әзірлеу, тәжірибе алмасу және қолдау механизмдерін нығайтуға шақырамыз», – деді.  Ия, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы әлеуметтік теңдік пен адам құқықтарын қорғау саласында маңызды қадамдар жасап келеді. Мемлекет инклюзивті қоғам қалыптастыруды стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде айқындап отыр. 

    Инклюзивті қоғамның басты қағидалары: теңдік және әділдік – барша азаматтар үшін бірдей құқық пен мүмкіндік болуы, қолжетімділік – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік, еңбек нарығы сияқты салаларда физикалық және цифрлық кедергілердің жойылуы, құрмет және қабылдау – әр адамның даралығын мойындау, кемсітушілікке жол бермеу, қатысу мен өзара қолдау – қоғамның барлық мүшесі шешім қабылдау үдерісіне қатысып, өз үлесін қоса алады.  Әлеуметтанушылар қоғамда инклюзияны дамыту үшін ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту, әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларын жетілдіру және жергілікті деңгейде қолжетімді ортаны кеңейту қажеттігін атап өтуде.

       Бүгінгі таңда инклюзивтілік — әлеуметтік әділдік пен тұрақты дамудың негізі. Инклюзивтіліктің мәні — адамға бағытталған гуманистік құндылықтарда. Инклюзивтілік – тек ерекше топтарға көмек көрсету емес, ол бүкіл қоғамның бірлігі мен мәдениетінің көрсеткіші. Нағыз инклюзивті қоғам – әр адам өзін маңызды, қажет және құрметті сезінетін орта.

Әр адамның тағдыры – қоғамның жауапкершілігі
Ана мен баланы қорғау – мемлекет ұйытқысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу