Әр адамның тағдыры – қоғамның жауапкершілігі

Oinet.kz 21-10-2025 5

      Өмірдің қиын кезеңдерін бастап кешіріп, тағдырдың сынағына ұшыраған жандарға материалдық көмек пен қатар моральдық көмек ауадай қажет. Себебі балалар болсын, тіпті ересегі де кейде қоғамнан шеттеу көріп жатады. Мұндай күйзелістен  оларды психологиялық оңалту шаралары алып шыға алады. 

image.png

Елімізде оңалту орталықтарында, арнайы мекемелерде психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мүгедектерге, олардың отбасыларына және қоғамның басқа да мүшелеріне кеңес беріп, әлеуметтік оқшауланудан арылуға және қоғамда өз орнын табуға көмектеседі.  Ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетуді  «AMANAT» партиясы қолға алған. Халық қалаулылары мүгедектердің өмір сапасын жақсартуға арналған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын тұрақты   іске асырып келеді.

       Мүгедек ол масыл адам емес. Олар да қоғамға өз пайдасын тигізе алады. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту шаралары жақсы нәтиже көрсетіп келеді. 2025 жылдың  басынан бері жұмыспен қамту шаралары аясында  14,9 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан  жұмыспен қамтылған.  Бұл еңбекке қабілетті мүгедек адамдардың шамамен 30 % құрайды. 

      Бәрін айт та, бірін айт,  ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартудың  басты көрсеткіші материалдық дүниемен өлшенбейді, ол мәселеге көзқарасты өзгерту болып табылады. Олар өз құқықтарын толық пайдалана отырып, қысымға ұшырамай ортаға бейімделуі үшін, өздерін осы қоғамға қажетті сезінуі үшін мемлекет қана әрекет жасамауы тиіс. Ерекше жандарға кедергісіз кеңістік құруға  жалпы қоғам, әрбір азамат ат салысуы керек.

      Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жетістіктері – қоғамның өркениеттілігінің айғағы. Олар да армандай алады, еңбек етіп, шығармашылықпен айналыса алады. Біз тек сол мүмкіндікті бірге ашуға тиіспіз. Міне, осы қадамға Қазақстан инклюзивті қоғам құру арқылы жетпек. Қазіргі қоғамдағы инклюзивтіліктің мәні — әрбір адамның жеке ерекшелігіне, мүмкіндігіне, жынысына, жасына, ұлтына, дініне немесе денсаулық жағдайына қарамастан тең мүмкіндіктерге ие болуы мен қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау. Инклюзивті қоғамда әр адам өз әлеуетін толық жүзеге асыра алады, ал өзгелер оны шеттетпей, керісінше, қолдау білдіреді.

     Ерекше жандарға қолдау көрсету – тек әлеуметтік саясаттың талаптары ғана емес. Бұл – адамгершіліктің, ізгіліктің, қоғамның рухани деңгейінің көрінісі. Ең маңыздысы – олардың өмірінің қуанышы мен қиындықтарын өзіміздікіндей сезіне білу. Өйткені инклюзивтілік – бұл мейірім. Ал мейірім бар жерде әділет те, өмірге құштарлық та, үміт те бар.

Еңбек еткен елдің келешегі кемел
Инклюзивті білім: теңдікке апарар жол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу