Еңбек еткен елдің келешегі кемел

Oinet.kz 27-10-2025 5

       Жұмыссыздықпен күрес мәселесін қозғағанда әңгіменің бір ұшы еңбек адамдарына келіп тіреледі. Елімізде «Еңбек – бәрін жеңбек» деген қағида әрқашан өзекті. Қазақстанда өндірісте, ауыл шаруашылығында, білім мен медицина саласында қажырлы еңбек етіп жүрген мыңдаған азаматтар бар. Олардың жетістіктерін насихаттау, еңбегін бағалау арқылы жастарды адал жұмысқа, кәсібилікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу – маңызды міндет.

image.png

 Қазіргі ақпараттық қоғамда еңбек адамын дәріптеудің тиімді жолдарының бірі – бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы үлгі көрсету.  Президент Қ. Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауының нәтижесінде биыл еңбек адамдары, жұмысшы мамандық иелері кеңінен дәріптелуде.  Әлеуметтік желілерде да адал еңбек, кәсіби шеберлік және кәсіптік табыс туралы мотивациялық бейнероликтер мен мақалалар жарияланып жастар санасына оң әсер етуде.

       Мектептер мен колледждерде еңбекке баулу, мамандыққа бағыттау сабақтары арқылы оқушыларға еңбек құндылығын түсіндіру жұмыстары қарқын алды. Оқу орындарында «Еңбек апталығы», «Кәсіп күні», «Менің ата-анам – еңбек майталманы» сияқты іс-шаралар өткізу – жас буынды еңбекке құрметпен қарауға баулиды.

      Еңбек адамы – ел дамуының басты тірегі, қоғамның нағыз қаһарманы. Олардың еңбегін бағалау, бейнесін кеңінен таныту – ұлт рухын көтеретін, жастарды жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке баулитын игі іс. Сондықтан әрбір ұйым мен мекеме, әрбір азамат өз саласында еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу ісіне үлес қосуы қажет.

        Сарапшылардың айтуынша, жұмыспен қамту саясаты ел дамуының басты тіректерінің бірі. «Адам жұмыс істесе – қоғам өседі. Қоғам өссе – ел еңселенеді» дейді олар. Расында да, еңбек еткен елдің келешегі кемел.

Жастарға жол ашқан бастамалар
Әр адамның тағдыры – қоғамның жауапкершілігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу