Сауран: екіжақты әріптестіктің аймақ дамуына қосар үлесі зор

Oinet.kz 29-09-2025 14

Screenshot_4.jpg            Шетелдік инвесторлардың көмегімен Сауран ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалар бар. Негізгі инвесторлар бұл қытайлықтар. Жуырда Қытай Халық Республикасынан және аудан делегациясы Сауан қаласында бас қосып, екіжақты ресми кездесу және өндірістік нысандарға танысу сапары өтті.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың айтуынша, бұл екіжақты әріптестіктің аймақ дамуына қосар үлесі зор. «Бұл әріптестік аясында Сауран ауданы мен Сауан қаласы арасындағы экономикалық, мәдени және инвестициялық серіктестікке жаңа серпін беретін келісімдерге қол жеткізу. Осы кездесудің мақсаты – өзара ынтымақтастықты арттыру, өндіріс саласындағы тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту бағыттарын пысықтау, сондай-ақ екі өңір арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтеру. Бұл іс-шара Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы негізінде жүзеге асырылуда», – деп атап өтті аудан әкімі. 

Іс-шара аясында саурандық делегация мүшелері Сауан қаласындағы бірқатар ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын аралап көрді. Алдымен делегация Шыңжан Хұң Хы зерделі ауылшаруашылық машина жасау шекті серіктестігінде болып, ауыл шаруашылығына арналған заманауи техникаларды құрастыру және автоматтандыру үдерісімен танысты. Мұнан соң Шыңжан Шин Жиа Хы ауыл шаруашылығын дамыту шекті серіктестігіне барып, агротехникалық инновациялар мен өнім өндірудің тиімді тәсілдері туралы ақпарат алды.

Бұдан кейін делегаттар Шыңжан Тиян Му Ху кілем жасау шекті серіктестігінде болып, кілем өндірісінің технологиялық желісін, ұлттық нақыштағы өнімдерді өңдеу мен экспортқа шығару әдістерін көрді. Ал Шыңжан Шиң Тай Чиан Уи ғылым-техника шекті серіктестігінде заманауи ғылыми жетістіктер мен жоғары технологиялық жобалар таныстырылды. Делегацияның назарына ғылыми инновацияларды ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласында қолдану тәжірибесі ұсынылды. Келесі кезекте іс-шараға қатысушылар Сауан Тай Хун май өнімдері шекті серіктестігінде болып, май өнімдерін өндіру, сапаны бақылау және экспорттық бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар Сауан Гай Руй сүт мәнерлеу серіктестігінде жалғасты. Мұнда сүт өнімдерін өңдеу, қаптау және сақтау технологиялары көрсетілді.

Сондай-ақ делегация Сауан Шың Зы мал шаруашылық ғылымдары шекті серіктестігінде болып, мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту, асыл тұқымды мал өсіру және генетикалық зерттеу бағыттарымен танысты. Сонымен қатар Анжихай қызыл бұрыш қоймалжыңы зауытында өңдеу технологиясын, экспортқа бағытталған дайын өнім өндірісін және жергілікті шикізатты тиімді пайдалану тәжірибесін көрді. Дачуан ауылындағы Шау Фаң Жуанзы қыстағы Шуаң Чуан ауыл шаруашылығы кооперативі болды. Мұнда делегация ауылдық кооперативтердің жұмыс тәсілін, аграрлық өнімдерді бірігіп өндіру және өткізу үлгісін зерттеді.

– Біздің шетелдік инвесторлардан үйренеріміз әлі де көп. Бұл іс-сапар – тәжірибе алмасудың және ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерудің нақты қадамы. Сауан қаласының өндіріс, ауыл шаруашылығы және инновациялық даму салаларындағы жетістіктері біздің аудан үшін пайдалы үлгі болмақ. Біз екі өңір арасындағы байланыстарды нығайта отырып, жаңа инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыруға мүдделіміз», – дедиді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

Кластерлік экономикаға басымдық берілген
Ауыл халқының көптен күткен қуанышы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу