9 млрд доллар инвестиция тартылды
16-04-2025
2025 жылдың алғашқы үш айында Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алулардың камералдық бақылауы бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
Жалпы алғанда, 254,1 млрд теңге сомасындағы 17 165 мемлекеттік сатып алу қамтылды. Оның ішінде 230,3 млрд теңгеге 15 326 лот тексерілді.
Тексеру барысында бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша 1 244 хабарлама жолданды. Жалпы анықталған бұзушылықтардың сомасы 29,2 млрд теңгені құрады. Ең көп бұзушылықтар келесі санаттар бойынша тіркелді:
Ашық конкурстар – 19,4 млрд теңге сомасына 284 хабарлама.
Бір көзден сатып алу – 5,1 млрд теңге сомасына 267 хабарлама.
Рейтингтік-балдық жүйемен өткізілетін конкурстар – 2,6 млрд теңге сомасына 32 жағдай.
Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілі – 2,1 млрд теңге сомасына 661 жағдай.
Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит бойынша апелляция департаментіне 12 шағым түсті. Оларды қарау нәтижесінде біреуі қанағаттандырылды, біреуі қанағаттандырусыз қалдырылды, ал 10-ы қаралу үстінде.
Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жоспарлы түрде жалғасуда.