Референдум: Түркістан облысында қоғамдық көліктер тегін қатынауда

Oinet.kz 06-10-2024 514

Түркістан облысында референдум күні таңғы 7:00-ден бастап барлық қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетіп жатыр. 

1000233485.jpg

Мәселен, облыс орталығында 194 қоғамдық көлік қала тұрғындарын тегін тасымалдауда. Жалпы облыста 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін азаматтар дауыс бере алады.

Айта кетейік, бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Референдум жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2-қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлімдеген болатын.   

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында сібір жарасының алдын алу үшін үй жануарларына екпе егіледі
Түркістан облысы: Ақ жаулықты әжелер референдумда дауыс берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу