Ынталы топ шұбарсу халқымен кездесті
Аудандық Шұбарсу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумды өткізуді түсіндіру мақсатында зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым төрағалары мен ауданның «Құрметті азаматтары», жалпы білім беретін мектептердің физика және биология пәнінің тәжірибелі ұстаздарынан құрылған ынталы топ ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге ауыл ақсақалдары, ауыл ардагерлер, мұғалімдер, көпбалалы аналар қатысты. Топ мүшелері АЭС салудың артықшылықтары мен тиімділігі туралы баяндалды. Баяндама барысында дамыған елдердің АЭС салу тәжірибелері, елдің экономикалық әл-ауқатының артуы мен ғылымның дамуы жайында айтылды. Ауыл тұрғындары тарапынан АЭС ке қатысты қойылған сұрақтарға білікті ұстаздар дәйекті жауап беріп, референдумда өз таңдауларын дұрыс жасау ұсынылды.