АЭС Қазақстанға аудай қажет
Ел азаматтарын толғандырып отырған АЭС салу мәселесін ғылыми тұрғыдан біле тұра, үн қоспай қала алмаймын.
Әлемнің 30-дан астам елінде 440-тан аса ядролық реактор бар.
Ал 20-ға жуық мемлекет өз аумағында атом электр стансасын салуды көздеп отыр. Бұл – халықаралық тәжірибе. Міне сондықтан көш соңында қалмау үшін АЭС Қазақстанға аудай қажет. Ол уран өндіруден бастап, энергияға айналдыруға дейін толық өндіріс циклын қамтамасыз етуге жол ашатын ірі жоба. // АЭС тек энергия беріп қоймай, ғылымды, инновацияны, технологияны жаңа деңгейге көтереді. Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдаланайық. Сондықтан, осы бастамаға жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек.
С.Ахметов - Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы