Аэс салу- энергия тапшылығының алдын алу

Oinet.kz 11-09-2024 572

Бүгін Түркістан қаласында Ұлы дала елі орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына АЭС бойынша референдум өткізілетін Жолдауын талқылау бойынша зиялы қауым өкілдерімен кездесу болып өтті.

Screenshot_16.jpg

Кездесуге Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, мәслихат депутаты Худияров Ғалымжан, Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіребергеновпен арнайы шақырылған маман,ХҚТУ физика кафедрасының эксперті Е. Досымов қатысты.

Мәслихат төрағасы өз сөзінде “Мемлекет басшысының АЭС салу бойынша  халықпен талқылау үшін референдум өткізуге жарлық бергені    болашақ үшін жауапкершілік деп дұрыс қабылдаймын. 30 жылда көзі ашық көкірегі ояу азамат – азаматшаларымыз, ұл-қыздарымыз өз ойларын, оң пікірлерін айтып, қолдауларын көрсететіндігіне сенемін. Халқымыздың пікірі болашақ үшін маңызды. 

Еліміз нағыз жасыл экономиканы қолдайды деп ойлаймын.  Осы дамыған заманда ақпарат көздері АЭС-тің экономиканы ілгерілетуде пайдасының орасан екенін дәлелдеуде. Сол ақпарттарды оқып, ой елегінен өткізіп, қарау керек. Қазақстанымыздың болашағы әрбір азаматы  үшін жауапты кезең референдумға дұрыс шешім, ашық көз қарас болуы керек.  

Президенттің  біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын деуі де АЭС мәселесін талқылап, дұрыс шешім қабылдауға шақыруы деп білемін.  

Ал елімізде атом электр станциясын салу мәселесі жан-жақты және сарабдал зерттеулерді, сарапшылар мен халықтың ой-пікірін ескеруді талап етеді. Әлбетте, ең дұрыс шешім референдум еншісінде. Десек те энергия тапшылығының алдын алудың өзі ел тұрғындарының мүддесінен туындайтындықтан, оның шешімі де халық мүддесіне негізделуге тиіс” деді.

Орта Азия елдері күш біріктіруі тиіс
АЭС – болашақтың энергиясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу