Түркістан: 3,4 мың адамға тегін құқықтық көмек көрсетілген

Oinet.kz 22-08-2024 52

16.jpg

Түркістан облысының әділет департаментінде биылдың алты айында мыңнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген.    Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.

«Әділет департаменті 2024 жылдың І жартыжылдығында азаматтарға 1 048 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Одан бөлек, облыс көлемінде жалпы 576 заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілген. Алты айда департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 54 арыз-шағым түсіп, 2 нотариустың қызметі мен 1 адвокаттың лицензиясы тоқтаған. Бұдан бөлек, департамент тарапынан 4 жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылып, 2 жеке сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, 3 487 азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілген. Бүгінгі таңда сот шешімі бойынша ата-анадан кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жалпы, 2024 жылдың 6 айында алиментті өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған борышкерлер саны – 84. Ал, жеке сот орындаушыларымен қылмыстық қудалау органына 7 ұсыныс жолданған. Сондай-ақ, борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос орындар» жәрмеңкесі өтіп, борышкердің 43-і жұмысқа орналастырылды»,- деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жалпы 80 809 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Одан бөлек, 36 802 азаматтық хал актілері тіркелген. Оның ішінде, тууды тіркеу – 26 743, қайтыс болу – 4 821, некеге тұруды тіркеу – 4 927, некенің бұзылуын тіркеу – 311 болған.

 


Созақ: Ауылішілік жолдар толық асфальттеледі
Келесте оқу-құралдарына арналған автодүкен ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу