Созақ: Ауылішілік жолдар толық асфальттеледі
Түркістан облысы Созақ ауданында ауыл көшелеріне асфальт төселіп, жарықшамдар орнатылуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Сызған ауылына арнайы барып, 4 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне салынып жатқан жолдың құрыс-жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ елді мекенде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын да бақылады. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен тілдесіп, алда атқарылар жоспарларымен бөлісті.
Сонымер қатар, биыл КХ-110 “Мардан-Қозмолдақ-Сызған” облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымына жөндеу жұмыстары жүреді. Ал Жуантөбе ауылында жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ.Омарұлы мен Ә. Жақсыбайұлы көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүруде. Осылайша ауылдың негізгі көшелеріндегі топырақ және тас жол мәселесі оң шешімін тауып, ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылады. Сондай-ақ, ауылдың ішкі көшелеріне де биыл толық жарықшамдар орнатылады.