Түркістан облысында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтуде

Oinet.kz 22-08-2024 49

14.jpg 

Түркістан облысында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шара «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен қолға алынған. Бүгін Жетісай қаласында өткен жәрмеңкеге 250-ге жуық тұрғын қатысты. Сонымен қатар, насихат тобы Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам, Бәйдібек аудандары тұрғындарымен кездесу өткізеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға республика бойынша 7 050 квота бөліп, қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облыс белгіленген. Бөлінген квота негізінде биыл 8 айда Түркістан облысынан 288 отбасыдан 1 116 адам қоныс аударған. Жалпы еліміз бойынша 3 494 қоныс аударғандардың 32%-ы Түркістан облысының үлесінде. Оның ішінде еңбекке жарамды 538 адамның 304-і жұмысқа орналасқан.

Жұмыс күші аз солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан азаматтарды көшіру жұмыстары нәтижесінде Түркістан облысынын 2015 жылдан бері 14 874 адам немесе 3 358 отбасы қоныс аударған. Солтүстік облыстарға қоныс аударған отбасылардың әрбір мүшесіне мемлекет тарапынан бір реттік 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде жәрдемақы, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы беріледі. Сондай-ақ, кәсіби оқыту мен жұмысқа орналастыруға да қолдау көрсетіледі.


Созақ: Кесене аумағында сенбілік ұйымдастырылды
Созақ: Ауылішілік жолдар толық асфальттеледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу