Созақ: Кесене аумағында сенбілік ұйымдастырылды

Oinet.kz 22-08-2024 46

13.jpg 

Түркістан облысы Созақ ауданы Сызған ауылдық округіне қарасты Басбұлақ елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, шараға белсене атсалысуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Тазалық жұмыстары кезінде Саңғыл би кесенесінің аумағын абаттандырып, ауыл маңын, тұрғын үй аулалары мен күре жолдың бойын ретке келтірді. Негізсіз өскен арам шөптер мен қураған ағаштар оталды. Арық-атыздардың арнасын ашып, тұрмыстық қалдықтар тазартылды.

Сенбілікке 80-ге жуық елдімекен тұрғындары және ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері атсалысты. Тазалық жұмыстарына қажетті техникалар жұмылдырылып, елді мекеннің 3,3 шақырым ішкі көшелері тазаланды. Шара соңында жиналған 2,5 тонна қоқыс қалдықтары арнайы полигондарға жеткізілді.


Шардарада жаппай сенбіліктер өтіп жатыр
Түркістан облысында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу