Шардарада жаппай сенбіліктер өтіп жатыр

Oinet.kz 22-08-2024 30

12.jpg 

Түркістан облысы Шардара ауданындағы барлық ауыл-аймақтарда сенбіліктер өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында аудан әкімі А.Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шардара қаласы мен 10 ауыл округте апта сайын тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда. Тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан аудан тұрғындары қоқыстарды жинап, көше бойындағы талдарды суғарды. Сондай-ақ, ирригациялық жүйелерді тазалауға өз үлестерін қосуда. Ауқымды сенбіліктердің бірі Ақалтын ауылында өтті. Тазалық шарасына 120-ға жуық қоғамдық жұмысшылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Сенбілік барысында қураған талдар қырқылып, ретсіз өскен шөптер тазартылды. Аталған жұмыстарға 2 техника жұмылдырылып, 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сала мамандарының айтуынша, тазалық жұмыстары алдағы уақыттарда да өз жалғасын таппақ.


Түркістан әуежайында 3 халықаралық рейс қатынайды
Созақ: Кесене аумағында сенбілік ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу