Келесте оқу-құралдарына арналған автодүкен ұйымдастырылды
Түркістан облысы Келес ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мектепке жол” республикалық акциясы өтті. Онда мектеп оқу-құралдарын төмендетілген бағамен сату мақсатында автодүкен қызметі ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Автодүкеннің мақсаты - кәсіпкерлермен бірлесе отырып шалғайдағы ауылдық елдімекен тұрғындарына төмендетілген бағамен мектепке қажетті құрал-жабдықтарды ұсыну. Мұндай шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Автодүкен Келес ауданының шалғайдағы 6 ауылдық округіне барады. Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында аудандық білім беру ұйымдарында оқушылардың мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының негізінде реттеледі.