Келес: Мәжілісте тазалық мәселесі талқыланды

Oinet.kz 08-08-2024 103

58 (2).jpg 

Түркістан облысы Келес ауданының әкімдігінде аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» акциясы бойынша күл қоқыстарға салынған айыппұлдар және атқарылып жатқан жұмыстары мен кемшіліктері, ауданның экономикалық даму стратегиясы, аудан аумағындағы санитарлық-тазалық жұмыстары, тұрғын үй қасбеттерінің кемшіліктері және Бірлік ауылдық округіне жүргізілген санитарлық-тазалық жұмыстары туралы мәселелер талқыланды. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен аудандық аудандық полиция бөлімі қызмет саласының 2024 жылдың 7 айында «Таза Қазақстан» іс-шарасы барысында атқарылған жұмыстары туралы Келес АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі А.Ибрагимовтың баяндамасы тыңдалды.

2024 жылдың сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» акциясы аясында, көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың алдын алу мақсатында «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іс-шаралар үнемі өткізіліп келуде.

Заңнамаға сәйкес, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде ауылдар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым обьектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға комуналдық қалдықтарды тастау фактілерін анықтау жұмыстары жүзеге асырылды.

Іс-шара барысында Келес ауданында аумағында жыл басынан 843 құқықбұзушылық анықталып, 214-азаматқа ескерту шарасы қолданылып, 629 азаматқа айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ауыл және ауылдық округтерде абаттандыру, үй қасбеттерін ретке келтіру және санитарлық-тазалық жұмыстардың барысы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.у.а Алмас Абдуллаев баяндама жасады. Баяндама барысында ауыл және ауылдық округ әкімдері тарапынан санитарлық тазалық жұмыстары атқарылуы бойынша талдау жасалып, бірнеше кемшілік анықталды.

Жиын соңында аудан әкімі сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын тапсырды.

 


Созақты жол құрылысы қарқынды жүруде
Төлеби ауданы: Мүгедектерге арналған жәрмеңке ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу