Созақты жол құрылысы қарқынды жүруде

Oinet.kz 15-08-2024 387

57 (2).jpg 

Түркістан облысы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында асфальт жабындысы төселіп жатқан көшелерді аралап, жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Айта кетейік, биылғы жылы аудан орталығының 5 шақырымға жуық ішкі көшелеріне асфальт төселіп, бірқатар көшелердің ажары арта түспек. Өткен жылы аудан бойынша 34,1 шақырымды құрайтын 29 көшеге асфальт төселген. Сондай-ақ, 22,4 шақырымды құрайтын 18 көше «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ал 1,6 шақырымдық 11 көше жергілікті бюджет есебінен жол төселген. Нәтижесінде Жартытөбе, Аққолтық, Балдысу және Басбұлақ елді мекендерінің ішкі жолдары 100% асфальт жолмен қамтылған. Бұл бағытта жұмыстар биылғы жылы да қарқын алып, елді мекендердің ішкі 34 көшесіне асфальт жабындысы төселмек.

Сондай-ақ аудан аумағынан өтетін облыстық маңызы бар күре жолдардың да жөндеу жұмыстары жалғасуда. «КХ-2 Ұланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейін 83 шақырымы, «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырымы, «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» жолының Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі 39 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары биыл толық аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 435 шақырымы - облыстық маңызы бар жолдар, 79 шақырымы - аудандық маңызы бар жолдар, 403 шақырымы - елді мекендердің ішкі жолдары.


Түркістан облысында 30 медициналық нысан салынуда
Келес: Мәжілісте тазалық мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу