Төлеби ауданы: Мүгедектерге арналған жәрмеңке ұйымдастырылды

Oinet.kz 15-08-2024 391

59 (2).jpg 

Түркістан облысы Төлеби аудандық мансап орталығында мүгедектігі бар жұмысқа жарамды азаматтарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. Бұл туралы Төлеби аудандық мансап орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары облыста қарқынды қолға алынған. Ауданда аталған мәселені шешу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бір көрсеткіші бүгін өткізілген жәрмеңке болып табылады. Мақсаты-екі қолға бір күрек таппай жүргендерге көмектесу. Игі шараны Төлеби аудандық мансап орталығы және Аманат партиясыбірлесіп өткізді. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары бар тақырыптық буклеттер ұсынылды және стентерде мекемелерден ұсынылған бос жұмыс орындары көрсетілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу мерзімі туралы хабарландыру әлеуметтік желілерде жарияланды.


Келес: Мәжілісте тазалық мәселесі талқыланды
Түлкібаста жаңа медициналық нысандар пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу